10 Желт 2020
Страницы Жақсыбайкөл НМ

Мектеп өмірінен

Жақсыбайкөл негізгі мектебі Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінің № 2 фермасы Шұбарши елді мекенінде орналасқан.

Бұрын мектеп Жақсыбайкөл бастауыш мектебі болды. 1922 жылы Жұбекен деген кісі мектеп салдырып өзі және Жақсыбай деген кісі екеуі мұғалім болып жұмыс жасаған.

Жұбекен 1936 жылы ұсталып кетеді де, әрі қарай жұмысты Жақсыбай жалғастырған. Жақсыбайдың мекені-Дымбай. Дымбайдың қасында көл болған, ол кейін «Жақсыбайкөл» деп аталып кеткен. Жақсыбай да 1937 жылы «Халық жауы» деп ұсталғаннан кейін, ел ардақты адамның атын сақтау үшін Жақсыбайкөл мектебі деп атай бастаған.

Қазақстан Республикасының Конституциясындағы азаматтарының тегін орта білім алу құқығын қамтемелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 25 ақпан 2000 жылғы №300 қаулысымен бекітілген білім беру мекемелері жүйесінің кепілді мемлекеттік нормативіне сүйене отырып шығарған сол кездегі аудан әкімі

Ғ.Займолдин 2000 жыл 2 қазан №218 шешімімен 2000 жылы 1 қыркүйегінен бастап Жақсыбайкөл негізігі мектебі болып ашылды.

Бүгінгі таңда 23 мұғалім жұмыс жасап, 74 бала білім алуда.

 

Қитанов Кенжан 1940 жылы Құрман совхозы Шұбарши елді мекенінде дүниеге келді. 1957 жылы АПУ- не түсіп, оны 1961 жылы «Бастауыш мектеп мұғалімі» мамандығымен бітіріп шықты. 1961 жылы Қараой мектебінен еңбек жолын бастап, 1963 жылы Құрман 8 жылдық мектебіне ауысты.1964 жылы Жақсыбайкөл бастауыш мектебінде жұмыс жасап, Құрман орта мектебіне қайта ауысты. 1968 жылы Орал педагогикалық институтын бітіріп, 1968 жылы «Аға мұғалім» атағын алып, 1970 жылы Қазақстан Республикасының «Білім беру үздігі» деген атаққа ие болып, сол жылы Алматы қаласында өткен «Озат мұғалімдер» съездіне қатынасты. Құрман орта мектебінде 2000 жылға дейін еңбек етіп, сол жылы Жақсыбайкөл негізгі мектебіне ауысып, 2007 жылы зейнеткерлікке шықты.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар