11 Желт 2020
Страницы Жақсыбайкөл НМ

Мекеме басшылары

  «Жақсыбайкөл негізгі мектебі» КММ басшылары

Мусирова Гүлнар Хамитқызы 1961.09.12ж Ойыл ауданы Қөптоғай селосы 1979 жылы Құрман орта мектебін бітірген. 1985 жылы Ақтөбе педогогикалық институын математика пәнінің мұғалімі бойынша бітірген.1985-1987 жылы еңбек жолын Ойыл ауданы Ақшатау негізгі мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1987-2000 жылға дейін Құрман орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарған. 2000 жылдан бастап 2010 жылға дейін Жақсыбайкөл негізгі мектебінің директоры қызметін атқарған. Жоғары санатты мұғалім . 1999 жылы 19 наурызда «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төс белгісімен марапатталды.


Асылбаев Базарбай 10.01.1950 жылы Қарасу ауылында дүниеге келді.

1957 оқу жылында Қарасу бастауыш мектебінде 1-класқа барып, 1957-1961 жылы осы мектептің бастауыш класын 1961-1965жылы Амангелді сегіз жылдық мектебін, 1965-1967 оқу жылында Ойылдан Н.Крупская атындағы орта мектепті бітіріп. 1967-1968 жылдары СПТУ-196 училещесінде кең профилді тракторис-шофер кәсібін меңгерді. 1968-1972 жылдары Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтына түсіп, күндізгі бөлімнің математика пәнінің мұғалімі мамандығын алды. 1972 жылы Құрман орта мектебіне мамандығым бойынша еңбек жолын бастады.

1973-1974 жылы Совет Армиясы қатарында міндеттік борышын атқарды. Осы аталған мектепте 1991 жылға дейін мамандығы бойынша жұмыс жасады. Пед оқуларда жасаған баяндама үшін аудандық, облыстық мақтау қағаздарын алды. 1991-2010 жылдары Қарасу негізгі мектебінде директор болып 19 жыл, сонан кейін Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 2010-2013 жылдары директорлық қызметте 3 жыл болып зейнет жасына шықты.


Сатыгалиев Куаныш Айсиевич. 1983 жылы 21 тамызда дүниеге келген. 2000 жылы Құрман орта мектебін бітірді. 2000-2003жылдар аралығында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқиды. Еңбек жолын 2003 жылы Екпетал мектеп- бала бақшасында бастауыш класс мұғалімі болып бастайды. 2005 жылы Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөліміне әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа қабылданады. 2006-2009 жылдары Көптоғай ауылдық округіндегі «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша қызметкер болып жұмыс жасайды. 2009-2011 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Педагогика және психология» мамандығын тәмамдайды. 2009-2011 жылдары Құрман орта мектебінде спорт нұсқаушысы болып жұмыс атқарады. 2011-2013жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын тәмамдайды. 2011-2013 жылдары осы Құрман орта мектебінде мектептің оқу-ісі жөніндегі мастер қызметін атқарады. 2013 оқу жылынан бастап осы кезеңге дейін Жақсыбайкөл негізгі мектебінің директоры болып қызмет атқарып келе жатыр.


 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар